Авторы:
фил.ғ.д.Имамбаева Ғ.Е.
«Қазақ тілі» электрондық оқу құралы жоғары оқу орындарының экономика факультеттерінің бірінші, екінші курс студенттеріне арналған, сондай-ақ қазақ тілін өзбетінше үйреніп және жалғастыра отырып меңгеруге көпшілік қауымға арналған. Бұл ғылыми еңбек болашақ экономика мамандарының күнделікті ғылыми, саяси, қоғамдық, мамандық, мәдени салалары бойынша мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді жетілдіруі көзделген.
Электрондық оқу құралы көбінесе типтік бағдарлама бойынша өтілетін лексикалық тақырыптарға негізделген. Грамматикалық тақырыптар, негізінен, тілдік жүйеге бағытталып берілді. Әрбір лексикалық тақырып екі-төрт сабақ көлеміне сәйкестендірілген. Тыңдау, айту, оқу, жазу, әңгімелесу сияқты сөйлеу қызметінің барлық түрлері қамтылды. Фонетика, лексика, грамматика салалары бойынша тақырыптар тілдік, лексикалық тақырыптар жүйесіне үйлестіріліп отырды. Мемлекеттік тілде сөйлеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдени тарихымен, іс-қағаздарын жазуды үйрету, тағы басқа тәжірибелік істерде алған білімдерін қолдану.
Аталмыш оқу құралының басты мақсаттарының бірі:
І бөлім жалпы тіл ұстарту жүйесі.
ІІ бөлім болашақ экономикалық мамандарының өз бетінше алған мәліметтерді күнделікті өмірде қолдануға арналған.
Электрондық оқу құралында түрлі тақырыптар қамтылып, сол тақырыптар төңірегіне жаттығулар, мәтіндер, тарихи мәліметтер топтастырылған. Бұл еңбекті пайдалануын жеңілдету мақсатымен үш тілді мәтіндер, қосымша сөздік беріліп отыр.
Қорыта айтқанда, электрондық оқу құралында берілген мәтіндердің барлығы экономика саласына қатысты ұғымдар мен құбылыстардың мазмұнын көрсете отырып, осы еңбек студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіруге көмек етеді.